Атырау, 29 желтоқсан 01:04
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Кеңестік үлгідегі кернеу

2 391 просмотра

– Біз бұрын теміржол басқармасының ведомствосына қарасты болған Датов көшесіндегі №11, 11 «а», 13, 14, 15 үйлерде тұрамыз. Теміржол электрмен жабдықтау дистанциясына қызмет көрсететін электр желісіндегі кернеулердің құбылмалылығынан бірнеше жылдан бері зардап шегіп келеміз. Қазір күн ыстық боп кетті, ал пәтерлердегі кондиционерлерді кернеу төмен болғандықтан қосу мүмкін болмай отыр. Мұның бәрі үйлеріміздің бәрі бір фазаға қосылғандықтан деседі. Осылай ма?

Телефон арқылы

Сұраққа ЭЧ-4 Электрмен жабдықтау дистанциясының бастығы Қабидолла ТЫНЫМОВ жауап берді:

– Теміржолшылардың үйлерін лимит бойынша электрмен жабдықтап, ал лимиттен асып кетсе шектеу енгізілетін заман келмеске кетті. Бұл осыдан 7-8 жыл бұрын болатын. Қазір біз тұтынушының көбірек киловатт тұтынғанын қалаймыз. Проблема үйлердің өзінде деп ойлаймын. Кеңестік үлгідегі үйлерде сымдардың қалыңдығы бүгінгі электр жүгін көтере алмайды. Бұдан басқа, үйлердің көпшілігінің сымдары әлсіз және бастапқы сызбаға сәйкес келмейді. Біз аталмыш ауданды тексеру үшін электр монтерларын жібереміз. Егер ақау біздің желілерімізден болып тұрса, оны жоямыз.

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.