Атырау, 4 қазан 16:36
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Пандемия және бағаның өсуі: мердігерлер Атырау облысындағы жол құрылысының негізгі кешігу себептерін атады

145 просмотра

Атырау облысында алты жыл бұрын басталған 26 шақырым жолды күрделі жөндеу басталған әлі аяқталмаған.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қала мен аудандарда салынып жатқан жолдың сапасына үнемі бақылау жүргізіп келеді.

«Жақында департамент басшылары Құрманғазы ауданындағы автомобиль жолының жөндеу барысына мониторинг жүргізді. Мәселен, 2018 жылы ұзындығы 26 шақырымды құрайтын «Ганюшкин-Приморье-Утера-Котяев» автомобиль жолын күрделі жөндеу басталған. Шарт сомасы – 4,2 млрд теңге. Мердігерлікке «Бекет Сат Жол» ЖШС таңдалған. Тапсырысты облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы берген. Мониторинг кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілмейтіні, жол жабынының жоғарғы қабаты төселмегені, күрделі жөндеу осы күнге дейін аяқталмағаны анықталды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мердігер компания мұның себебін құрылыс материалдарының қымбаттауы және пандемиямен байланыстырған. Осыған байланысты сметалық құжаттамаға бұрын көзделмеген жұмыстарды қосып, қосымша келісім жасасу жоспарланып отыр.

«Былтыр «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-ның Атырау филиалы тексеру жүргізіп, асфальтбетон жамылғысынан ұсақ түйірлі қиыршықтастың бөлінуі түріндегі елеулі ақауды анықтаған болатын. Мердігер бұл ақауды бүгінгі күнге дейін қалпына келтірмеді. Ал соңғы мониторингте жол жабынының шөгуі анықталды», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты тапсырыс берушіге ескерту жасалып, кемшіліктерді жоюға уақыт берілген.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бүгін, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.