Атырау, 22 наурыз 01:22
 ашықВ Атырау +12
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Реттелетін газ

2 099 просмотра

– «ЕмбіМұнайГаз» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ Шығыс Мақат кенішіндегі «ДоссорМұнайГаз» МГӨБ-нен Қызылқоға мен Мақат аудандарының тұтынушыларына жеткізілетін табиғи газдың бағасы туралы келісе алмай келеді деп естідім. Осы рас па?

Ольга

Сұраққа ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің басшысы Балжан ДОСМҰХАМБЕТОВА жауап берді:

– «Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР заңының 15-бабының 7-тармағына сәйкес, ҚР Мұнай және газ министрлігі «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-ның «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сатып алатын тауарлық газының бағасын бекітті. Ол «Теңізшевройл» ЖШС жеткізетін газ бағасына, яғни, 1 мың текше метрі 1 930,4 теңгеге тең. Екі АҚ арасындағы газ жеткізу жөніндегі келіссөздер әзірге аяқталмады және келісімшартқа қол қойылған жоқ. «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның реттелетін қызметтер бағасын республикалық табиғи монополияларды реттеу агенттігі бекітетінін еске салғым келеді.

11 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.