Атырау, 4 қазан 14:28
 ашықВ Атырау +16
$ 482.86
€ 533.17
₽ 5.08

Облыстық полиция департаментіндегі тағайындаулар

125 просмотра

Атырау облысының полиция департаментінде басқарма басшылары тағайындалды, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы лауазымына полиция подполковнигі Тұрлан Тұрсынғалиев тағайындалды. Ол Атырау қаласында дүниеге келген. Қазақстан экономика және құқық институтының, М.Есболатов атындағы ІІМ Алматы академиясының түлегі. Құқық қорғау саласындағы еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Жаңа лауазымға дейін Атырау қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.

Ақпараттандыру және байланыс басқармасының бастығы болып полиция капитаны Абай НҰРТАЗИН тағайындалды. Атырау қаласының тумасы, М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын бітірген. Құқық қорғау қызметін 2017 жылы бастаған. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін сол басқарманың бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Бүгін, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.