Атырау, 22 қараша 19:14
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырау облысы референдумға дайын ба?

1 212 просмотра

Атырау облыстық аумақтық референдум комиссиясы өңірдегі комиссиялардың дауыс беру күніне дайындық барысы туралы баяндады. 

Өңірде 9 аумақтық (63 мүше), 274 учаскелік (1974 мүше)  референдум комиссиялары оларда барлығы 2037 комиссия мүшелері бар. 

Облыста 274 референдум учаскелері бар, олардың 11-і азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған (9 емдеу мекемелері, 1 тергеу изоляторы, 1 әскери бөлімше).

Атырау облысында республикалық референдумға қатысуға құқығы бар 411880 азамат тіркелген.

Азаматтарға дауыс берудің орны мен уақыты туралы хабарлау бойынша бірқатар шаралар атқарылуда. 

Біркелкі нысанда азаматтарға хабарландырулар жасалып, олардың мекенжайларына таратылды.  Сонымен қатар, дауыс беру орны мен уақыты туралы ақпараттар және азаматтардың өз учаскелерін іздеу жөніндегі қызметтер комиссиялардың atyrau.gov.kz интернет-бетшесінде орналастырылды.

Азаматтар өздерінің  ЖСН енгізе отырып Telegrambot @sailauAtyrauBot қосымшасынан қай учаскеде дауыс беретінін біле алады.

Референдум өткізуді ұйымдастыру кезеңінде азаматтарды учаскедегі азаматтар тізіміне енгізу туралы хабардар ету үшін онлайн сервистер, Call-орталықтар ұйымдастырылған. 

Референдумды өткізуге арналған сұрақтарға жедел жауаптар алу үшін біріңғай 109 номерлі Call-орталық жұмысы ұйымдастырылуда. 

Қазіргі уақытта референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар өздері тіркелген учаскелерден өздері туралы мәліметтермен таныса алады. Комиссиялар тізімдегі қателіктер мен жаңсақтықтарды түзету бойынша өтініштерді қабылдауға дайын және қажет болған жағдайда, азаматтар тізімдеріне өзгерістерді енгізеді. 

Сонымен қатар, Атырау қаласының тұрғындары өздерінің референдум учаскелерінің орналасу карталарын “2GIS” мобилдік қосымшасынан біле алады. 

Барлық учаскелер материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 

Мүгедектігі бар азаматтарға жағдайлар жасау бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Барлық учаскелер тактильдік белгілер, көз жанары ақаулығы бар азаматтарға аудионұсқаны тыңдағаннан кейін өзі бюллетеньді толтыру үшін трафареттермен қамтамасыз етілген. 

Атырау қаласы және аудандарда 94 инватакси қызметі ұйымдастырылады. Әлеуметтік қорғау органдары арқылы                15 сурдоаудармашыны тарту көзделген.  

Вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматтардың дауыс беруін ұйымдастыру шаралары қабылданды. Бұл жұмыстарға 38 учаскелік комиссия тартылған. 

Азаматтарды тіркеу орны бойынша мәліметтерін тексеру және референдум учаскелерінің мекенжайлары бойынша азаматтарды тіркеу бағытында екі онлайн-сервис әзірленді.

Қандай да бір себептермен тізімдерде өздерін таба алмаған, бірақ референдум учаскесінің шекарасында тұратын азаматтар дауыс беру күні тіркеу мекенжайын өзі тексеретін учаскелік комиссияға жүгінуге мүмкіндігі болады. Тұрғылықты жері расталған жағдайда азамат тізімге енгізіледі. Бұндай қызметтер барлығы 181 учаскеде қолжетімді болады.

Тіркеуі жоқ және осы себепті ешбір учаскеде тізімге енбеген азаматтардың дауыс беру күні референдум учаскесінде тіркелуге және онда дауыс беруге мүмкіндігі бар (Атырау қаласының 5 учаскесінде қызмет көрсетіледі). 

Комиссия мүшелеріне арналған оқыту семинарлары кезінде барлық 2037 референдум комиссияларының мүшелері оқытудан өтті.  

Орталық референдум комиссиясымен қажетті санда дайындалған дауыс беруге арналған бюллетеньдер учаскелік референдум комиссияларына4 қазанға дейін жеткізілетін болады.

Республикалық референдумды байқау үшін облыста 7 ұйым аккредиттелген. Олардың тізімдері комиссияның интернет-ресурсында орналастырылған.

Атырау қаласындағы №5546 әскери бөлімде орналасқан №75 референдум учаскесінде дауыс беру сағат 06.00-де басталады.

Сонымен қатар, Атырау қаласындағы азаматтардың уақытша болу орындарында құрылған 9 емдеу мекемелері, 1 әскери бөлім, 1 тергеу изоляторында орналасқан барлығы 11 референдум учаскелерінде егер, тізімге енгізілген барлық азаматтар дауыс берсе, учаскелік комиссия кез келген уақытта дауыс беруді аяқтауы мүмкін учаскелердің тізбесін тиісті аумақтық комиссия бекітті.

Егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе, референдум учаскелерінде дауыс беру 6 қазанда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады. Референдумға қатысты материалдар аумақтық референдум комиссияларының atyrau.gov.kz сайтында орналастырылуда.

3 қазан, 19:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.