Атырау, 3 қыркүйек 18:15
 дождьВ Атырау +29.2
$ 455.40
€ 526.99
₽ 5.25

Қашаған кен орны жөндеуге жабылады

1 491 рет қаралды
Сурет:gov.kz

7 қазанда Қашаған кен орны жөндеуге жабылады. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қашағандағы жөндеу жұмыстары қарашаның басына дейін жалғасады.

"Қашаған кен орнында жөндеу жұмыстары 7 қазанда басталып, 30 күнтізбелік күнге созылады", - делінген Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Қашаған - Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан Қазақстанның қайраңды мұнай-газ кен орны. Соңғы 40 жылда ашылған әлемдегі ең ірі кен орындарының бірі.

3 қазан 2024, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.