Атырау, 3 қазан 16:15
 ашықВ Атырау +16
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

Ресей Рунетті оқшаулауға 95 млрд рубль жұмсайды

94 просмотра

Ресей билігі алдағы үш жылда Рунетті оқшаулауға және рухани құндылықтарды дамытуға 95 млрд рубль жұмсайды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

 2025-2027 жылдарға арналған бюджет жобасында осындай сома көрсетілген.

Құжатқа сәйкес, 60 млрд рубль – VPN-сервистермен күреске, 10 млрд – "желі тәуелсіздігін қамтамасыз етуге", 25 млрд рубль желідегі "рухани-адамгершілік құндылықтарды" насихаттауға бағытталмақ.

Қаражат "Роскомнадзорға" қарасты түрлі мекемелер мен президент әкімшілігіне қарайтын интернетті дамыту институтына берілмек.

Ақпарат құралдарының жазуынша, Рунетті оқшаулауға бөлінген қаражат Татарстан республикасының жылдық бюджетінен екі есе көп.

  • Ресей кейінгі кезде VPN-сервис және бұғатталған сайттарды ашатын құралдармен күресуге қызу кірісіп жатыр. Наурыз айында VPN-ді популяризациялауға тыйым салатын заң күшіне енген. Енді бұғаттау әдістерін айналып өту жөнінде айтып, сілтеме беретін сайттар сот шешімінсіз бірден жабылады. Әзірге ресейліктерге VPN қолдануға тыйым салынған жоқ.


Бүгін, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.