Атырау, 3 қазан 16:13
 ашықВ Атырау +16
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

​АҚШ пен Израиль Иранға жауап қайтаруға дайындалып жатыр

107 просмотра

Иран Израильді зымыранмен атқылады. Енді Израиль бұның қарымтасын қашан және қалай қайтарар екен деп әлем елдері алаңдап отыр, деп хабарлайды 24kz.

Ақпарат құралдары АҚШ пен Израиль шабуыл жоспарын құруға кіріскенін айтады. Алдын ала мәліметке қарағанда, Израильдің шабуылы тікелей Иранға емес, Сирия мен Йемендегі Иранның ғимараттарына бағытталуы мүмкін. Израиль Иранға міндетті түрде шабуыл жасайтынын мәлімдеді. 

Ол үшін әуелі одақтасы АҚШ-пен ортақ шешімге келуі керек. Кейбір жергілікті ақпарат көздері Израиль Иранның ядролық нысандарына шабуылдайды деп хабарлаған еді. Ал, АҚШ бұл идеяға үзілді-кесілді қарсы шықты. 

Джо Байден, АҚШ президенті:

- Бұл мәселе G7 кездесуінде талқыланады. Жапония, Франция, Германия және тағы басқа елдер бірлескен мәлімдеме жасайтын боламыз. Әрі бұған ұқсас ортақ шешім бұрын-соңды қабылданбаған. Өйткені Иранның бақылаудан шығып кеткені рас. Сондықтан Иранға санкциялар салынуы мүмкін.

Бүгін, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.