Атырау, 22 қараша 19:06
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

​«Құрманғазы-Приморье-Утеры-Котяев» автожолындағы күрделі жөндеу жұмыстары жыл соңында аяқталады

1 026 просмотра
Сурет// baq.kz

Қазір 29 шақырымдық тас жолға асфальт жабындысының астыңғы қабаты толық төселген. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы Нұржау Маратов айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

-Жол учаскесіндегі жұмыстар 2020 жылы карантинге байланысты уақытша тоқтады. Кейін 2021-2023 жылдары қажетті инерттік материалдарды тасымалдайтын вагон және битум тапшылығының салдарынан монтаждау жұмыстары баяу жүргізілді. Десе де, осы уақытқа дейін тиісті жұмыстың барлығы жасалып қорытынды кезеңіне жетті. Тас жолға жаяу жүргіншілер жолын және 6-шы ауыл, Дәулет, Құмарғали ауылына кірме жол салу үшін ЖСҚ-қа түзету еніп, мемлекеттік сараптамаға жолданды, - деді Н.Маратов.

Анықтама үшін: жалпы биыл өңірде 40 елді мекенді қамтитын 247 шақырымға жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Оның ішінде Индербор кенті мен Тайсойған ауылына кірме жолды жөндеу жұмыстары аяқталып, облыстық маңызы бар «Индер-Қарабау» автожолының 87 шақырымы қайта жаңартылды.

3 қазан, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.