Атырау, 22 қараша 18:49
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

ҚМГ басшысы «Дружба» мұнай құбыры арқылы тасымалдауға қолдау көрсеткені үшін «Транснефть»​ басшылығына алғысын білдірді

933 просмотра

2024 жылы 2 қазанда Мәскеу қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Транснефть» ЖАҚ президенті Николай Токаревпен жұмыс бабында кездесті, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

Кездесуде ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайы «Транснефть» ЖАҚ және Каспий құбыр консорциумы (КҚК) мұнай құбыры жүйелері арқылы тұрақты тасымалданып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар А.Хасенов Қазақстан мұнайын «Дружба» мұнай құбыры арқылы тасымалдауға қолдау көрсеткені үшін Ресей тарапына алғысын білдірді. 

Кездесуде тараптар мұнай тасымалдау мен транзиті, КҚК қызметі саласындағы өзекті мәселелерді, соның ішінде Теңіз-Новороссийск құбыр жүйесі мен КҚК теңіз терминалы объектілерін жаңғырту және сенімділігін арттыру жөнінде компания іске асырып жатқан бағдарламаларды, сондай-ақ КҚК тиеу жүйесіне қатысты алдағы жоспарларын талқылады.

2 қазан, 19:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.