Атырау, 22 қараша 19:37
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырауда үшем дүниеге келді

1 094 просмотра

Атырау облысы Құрманғазы ауданының тұрғындары Мұрабек Құмаров пен Арай Ерғалиева үшемнің ата-анасы атанды. Сәбидің үшеуі де ұл.

28 жастағы Арай мен Мұрабектің бұл тұңғыштары емес, бұдан бұрын бір ұл мен бір қызы бар еді. Аяқастынан көп балалы отбасыға айналған олардың қуанышында шек жоқ. Кішкентай бүлдіршіндерге атасы Салық Испергенов Нұрмұхамед, Нұрислам және Нұримам деген есімдер берді. Атасының айтуынша әулеттерінде егіз болғанымен үшемнің дүниеге келуі бірінші рет екен. 

- Мен өзім мектепте мұғаліммін. Сәбилердің аман-есен дүниеге келуі біздің отбасына шексіз бақыт сыйлады,-дейді сәбилердің анасы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар АБДАЛИЕВ атап өткендей соңғы үш  жылда бұл аймақтағы бұл үшінші үшем, 2024 жылы туған екінші үшем болып тіркелген. 

Жалпы жыл сайын облыс бойынша 160-170 егіз дүниеге егіз келсе, ал үшемнің дүниеге келуі өте сирек көрінеді. Сонымен бірге Қ. Абдалиев балалардың денсаулығы жақсы екенін, оларға жақсы жағдай жасалғанын, басқарма атынан сыйлықтар табыс етілгенін айтты. Бүгінде туыстары перзентханадан шыққан үшемнің қуанышын бөлісіп жатыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 қазан, 18:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.