Атырау, 13 қараша 08:13
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Қазақстан Қытайға жаңа құбыры арқылы табиғи газ экспортын арттырмақ

612 просмотра

Қазақстан Қытаймен газ экспортын ұлғайту бойынша келіссөздер жүргізуде, тіпті оның көлемін ұлғайту үшін қосымша құбыр салу мүмкіндігін қарастыруда, бұл оның аймақтың жанармай нарығындағы орнын айқындайды. Бұл туралы Курсив Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

«Қытайдың сұранысы бойынша Қазақстан газ экспортын арттырмақ. Осылайша көршілес елдермен, соның ішінде Түркіменстан және Ресеймен бәсекеге түседі», – деп жазды басылым.

Агенттіктің хабарлауынша, үш жылдан бері Мәскеу негізгі экспорттық бағыт – Еуропа нарығынан тыс қалды. Оның себебі Украинаға басып кіруі еді. Ал Қытайда экономикалық белсенділік құлдыраса да ол негізгі балама нарық болып қала бермек. Бұл ретте Қазақстан да Қытайға тасымалды арттыруға мүдделі.

«Қытайдағы экономикалық құлдырау туралы хабарларға қарамастан, газға сұраныс өсуде. Біз Қытайға және Өзбекстан сияқты басқа елдерге экспортымызды ұлғайту үшін консенсусқа қол жеткіземіз деп үміттенеміз», – деді «QazaqGaz» ҰК» АҚ ұлттық газ операторының бас директоры Санжар Жаркешов.

Bloomberg дерегінше, Қазақстан мен Қытай қазіргі экспорт туралы емес, одан айтарлықтай көп шикізат экспортына қатысты келіссөздер жүргізіп жатыр.

Басылым әлемдегі теңізге шыға алмайтын ең үлкен ел өсіп келе жатқан ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін газ өндірісін ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстаннан экспортты арттыруға ұмтылуда деп есептейді. Қазір Қазақстан Қытайға шамамен 4 млрд текше метр газ жеткізіледі. Ел жалпы 21 млрд текше метрге жуық газды тұтынады. 2023 жылы екі ел үш жылдық экспорттық келісімшартын жаңартты.

Бұл ретте Bloomberg шетелге жанармай жеткізуді ұлғайту QazaqGaz-ға не беретінін болжады. Басылым Үкімет ішкі нарықта газ бағасының төмен деңгейде ұстап отырғанын атап өтті.

«Шетелге экспортты арттыру осының орнын толтыруы мүмкін», – деп жазды Bloomberg.

Айта кететіні, Қазақстан қаңтар-тамыз айларында Қытайға жалпы сомасы 575,7 млн долларға 2,3 млрд текше метр газ жеткізді. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға аз.

Осылайша, қазақстандық газдың Қытай үшін орташа кедендік бағасы 1 мың текше метрге 249,66 долларды құрайды. Бұл кезеңде Қазақстан басқа елдерге газ экспорттамаған.

Қазақстанның Қытайға газ экспорттау туралы 2023–2026 жылдарға арналған келісімі бар (2023 жылғы қазанда Бейжіңде мақұлданған). Маусым айының басында QazaqGaz ұлттық газ операторы («Самұрық-Қазынаның» еншілес ұйымы) «Газпроммен» ресейлік газды ел аумағы арқылы Өзбекстан мен Қырғызстанға транзиттеу туралы ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Түркіменстан мен Өзбекстан газы да Қазақстан арқылы Қытайға жеткізіледі. 

2 қазан, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.