Атырау, 13 қараша 08:15
 ашықВ Атырау +2
$ 494.95
€ 525.49
₽ 5.05

Иран жасаған үлкен қателігі үшін жауап береді - Израиль премьер-министрі

305 просмотра

Иран Израильді зымыранмен атқылағаннан соң Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасап, міндетті түрде жауап болатынын алға тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Иран бүгін кешке үлкен қателік жасады – сол үшін ол жауап береді. Иран режимі біздің өзімізді қорғағымыз және жауымызға кек қайтарғымыз келгенін түсінбеді. Біз қабылданған ережеге сүйенеміз: бізге кім шабуыл жасаса, біз оған жауап қайтарамыз, - деді Нетаньяху.

Израиль әскерінің ресми өкілі Даниэль Хагари шабуыл салдарынан қаза тапқандар жоқ екенін айтты. 

Біз көптеген зымыранды қағып түсірдік. Елдің орталығында және оңтүстігіндегі аудандарда бірқатар соққы жасалды, – деді Израиль әскерінің ресми өкілі Даниэль Хагари.

Израильдің медициналық қызметі екі адам жарақат алғанын хабарлады.

Айта кетейік, Иран Израиль аумағына шамамен 180 зымыран атқылаған. Әлеуметтік желілерде Иранда ұшырылып жатқан, Иордания аспанында ұшып бара жатқан және Израильде атып түсіріліп немесе құлап жатқан зымырандардың көптеген видеолары пайда болды.

2 қазан, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.