Атырау, 22 қараша 19:14
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Бас прокурор Асылов жол апатының 90% көбейгенін мәлімдеді

604 просмотра

2023 жылмен салыстырғанда биыл Қазақстандағы жол апаттарының саны 90% көбейген. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов Х парақшасында жазды.

Асылов осыған байланысты дабыл қағып, прокурорларға тапсырма берген.

«Өткен жылмен салыстырғанда жолдағы апат саны 90% өсті. Жол-көлік оқиғалары құрбандарының саны да артқан. БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Абай, Ұлытау облыстары мен Шымкент қаласында теріс үрдіс орын алып жатыр. Осыған байланысты, прокурорларға мемлекеттік органдармен бірлесіп, ең алдымен жолдардың неғұрлым апаттық-қауіпті учаскелеріне назар аудару арқылы олардың себептерін анықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырдым», - деп жазды Берік Асылов.
2 қазан, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.