Атырау, 22 қараша 19:38
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Александр арманына қол жеткізді

585 просмотра

Қарттар үйінің ең жас тұрғыны Александр ЧЕЧИН өзі армандаған электрлі қоларбаға қол жеткізді. 

Еске салсақ бұған дейін жазатайым жағдайда екі қолы мен екі аяғынан айрылған 36 жастағы атыраулық жігіттің қарттар үйінде тұрып жатқанын, өзі жүретін электрлі қоларбаны армандайтынын жазған едік. Содан кейін атыраулық жанашыр жандар қаржылай көмек жинай бастады. 

Александр "АЖ" редакциясына хабарласып, жерлестеріне ризашылығын жеткізуді өтінді:

- Құрметті, жанашыр жандар! Менің армандаған электрлі қоларбам келді. Жақсы істің басы-қасында болған «Біз де адамбыз» қоғамдық қорына, басқа да жанашыр жандарға ерекше алғыс білдіремін. Елдің жоғын жоқтап, қуанышына серік болып жүрген сіздерге Жаратқан жар болсын! Қуанышымда шек жоқ! Бәріңе, бәріне алғыс.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

2 қазан, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.