Атырау, 30 қыркүйек 18:26
 ашықВ Атырау +11
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Украина үшін Камала Харристен қайыр жоқ – NYT

96 просмотра

Киев режимі демократтарға тек сайлауға дейін қажет болуы мүмкін, кейін Киевке көмек көрсетілмеуі де ықтимал, деп жазады inbusiness.kz сайты The New York Times газеті тілшісі Росс Дутеттің материалына сілтеме жасап. 

Камала Харристің президенттік науқанының нәтижесінде жауапсыз қалған барлық саяси сұрақтарды маңыздылығы жағынан бір деңгейге қоюға келмейді. Мысалы, Харристің 2020 жылы "барлығына арналған тегін медицина" туралы үлкен пікірталастардан бері идеалды Денсаулық сақтау жүйесіне деген көзқарасы қалай өзгергенін білу маңызды емес, өйткені оның президент ретіндегі билігінің бір ұшы республикалық Конгресс қолында болуы ықтималдығы жоғары. Сондықтан ішкі саясат саласындағы кез келген ауқымды бастамалар нәтижесіз болатыны қазірден белгілі. 

Ал сыртқы саясатқа қатысты сұрақтар, оның ішінде президент Харрис Украинадағы соғысқа қатысты алда не істейтінін анықтау әлдеқайда маңызды. Вашингтондағы Владимир Зеленский Харрис қақтығыстың басында Байден әкімшілігінің ұстанымын қолдайтынын және жоғалған территорияның көп бөлігін Украинаға қайтаруды көздейтінін ресми түрде растады. Украина басшысының қасында тұрған вице-президент Путиннің достарының "берілу туралы ұсыныстарына", жалпы аумақтық жеңілдіктерді қамтитын кез келген мәмілелерге қарсы шықты (Дональд Трамптың саясатына қарама-қайшылық айқын байқалады, өйткені ол ешқандай шарттарға тоқталмай, тез арада бітімге келуге уәде береді). Алайда, вице-президенттің мәлімдемесі қолдау таппады, дәл сол сәтте әкімшілік Зеленскийдің жеңіске жету жоспарына күмән келтіріп, "Wall Street Journal келтірген ақпаратқа сәйкес, оны "кешенді стратегиясыз, қаруды молынан беріп, алыс қашықтықтағы зымырандарға шектеулерді алып тастау туралы өтініштің басқа формасы" деп атады. 

Басқаша айтқанда, жоспар ресейлік жетістіктердің қарқынын бәсеңдету үшін көмек сұраумен шектелді, бірақ Киев пен Вашингтон ресми түрде ұмтылған жеңіске жету жолы айтылмады, алайда бұл жерде Зеленский мұндай жоспардың қандай формада болатынын толық түсінбейтінін атап өткен жөн. Өткен жылы майдандағы жағдай Украина үшін ауыр болды,ал қазір басты мәселе – жағдайдың қаншалықты нашарлайтынын анықтау.

Батыс атынан сөйлеген The Economist журналы өзінің соңғы санында Украинадағы жағдайға өте пессимистік баға беріп, Ресейдің әскер санындағы, атыс күші мен қаржылық мүмкіндіктеріндегі артықшылықтарын атап өтті. Кэти Янг, The Bulwark басылымының авторы, Мәскеу "аумақтық статус-квоны уақытша тұрақтандыратын атысты тоқтату туралы келісім алу үмітімен қыста мүмкіндігінше көп аумақты басып алуға" үміттенетінін алға тартып, Ресейдің күші жақын арада өз шегіне жетуі мүмкін деген оптимистік көзқарасты ұстанады.

Не десек те, екі пікір бір арнаға келіп тоғысады: қазіргі уақытта Украинаның басты мақсаты – майданды тұрақтандыру, өйткені 2022 мен 2023 жылдары жанған "Ресей тез арада шегінеді-ау" деген үміт оты әбден өшті.

Бұдан Харрис әкімшілігінің не істей алатынына қатысты екі белгісіздік туады. Ең алдымен, Америка Құрама Штаттары жоқ есебіндегі "Жеңіс жоспарын" экономикалық тұрғыдан қанша уақыт қолдай алатындығы беймәлім. Екіншіден, Трамптың келіссөздер жүргізуге шақыруы бекер емес болып, қандай үміткер жеңіске жетпесін украиналық мәселеге қатысты дәл осы ұстаным америкалық саясаттың соңғы нүктесі болмай ма? Байден мен Харристің бастаған Ақ үй "Украина сайлауға дейін шыдаса болды" деп, кейін Украинаның "келіссөздерге жол жоқ" деген ұстанымын өзгеретініне үміт артып жүруі мүмкін бе? 

Мәселенің өзектісі Украинаның қазіргі уақытта бірқатар күрделі сынақтарды бастан өткеріп жатқан америкалық панантлантизм стратегиясындағы орнына қатысты болып отыр. Украинадағы соғыс қимылдарының нәтижесінде АҚШ қарсыластарының бірі саяси аренадан шығады деген үміт ақталмады: Ресей Американың экономикалық соғысына төтеп бере алды және оның одан да қуатты Пекиндегі қарсыластарымен етене араласып, өзінің әскери экономикасының күшін паш етті. Бұл Қытай-Ресей интеграциясы – АҚШ үшін жаһандық саяси ландшафттың негізгі бөлігі, ол тіпті Ұлттық қорғаныс стратегиясы жөніндегі комиссияның соңғы екі партиялық есебінде "ұлт 1945 жылдан бері бастан өткерген ең маңызды әрі ең қиын кезең" деп аталды.

Асыра сілтеушілікке жол берсек те, екі қарсыластың бірігуі салдары қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан бері америкалық билік үшін ең ауыр мәселе екені сөзсіз. АҚШ алдында мұздай қарулануды не керісінше қаруды едәуір қысқартуды, бәлкім екеуін де қажет ететін ірі ауқымды міндет тұр. Әзірге Ақ үй бұл тепе-теңдікті сақтай алмай отыр, мысалы, АҚШ орта жолда Ауғанстанды тастап кетіп, кейін қол ұшын беруге уәде етті. Алайда, нақты жоспарсыз, америкалық билік бұл міндеттемелерді қалай орындамақ, оның риторикасынан нақты саяси шешімді қалай түсінуге болады? Дәл осындай күн Украина басына тумай ма? 

Бұл тұрғыда Украина – үлкен стратегиялық мәселе ғана емес, сонымен қатар Таяу Шығыстан Шығыс әрі Солтүстік-Шығыс Азияға дейін қамтитын біраз сұрақтар ішінде бетбұрыс нүктелерінің бірі, бұл келесі президенттің басымдықты дөп анықтау, міндеттемелерді қайта қарау және АҚШ-тың ауқымды мақсаттарын шектеулі қаржылық мүмкіндіктермен ұштастыра білу қабілетін көрсетеді. Сондықтан Харриске қойылатын сұрақтардың ешқайсысы соншалықты маңызды емес.

Бүгін, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.