Атырауда «Интаго» ЖШС-нің полиэфирлі геосинтетикалық материал шығаратын өндіріс ошағы іске қосылды. Өңірде баламасы жоқ кәсіпорын жылына 15 млн шаршы метр өнім өндіруге қауқарлы.
Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлағандай, “Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі” арнайы экономикалық аймағында орналасқан зауыт жол құрылысына қажетті материалдарды өзімізден шығарып, құрылысшыларды жергілікті тауармен қамтуға мүмкіндік бермек. Осылайша, еліміз полиэфирлі материалдар бойынша импортқа тәуелділіктен арылмақ.
- Жоба құны 1,4 млрд теңгені құрайды. Зауыт - Кәсіпорын толық қуатына көшкенде 40 адам жұмыспен қамтылады, - деп хабарлады Атырау облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.
Зауыттың салтанатты ашылуында арнайы Ресей елінен келген серіктеспен меморандумға қол қойылды және техникалық мамандарды даярлайтын С.Мұқашев атындағы политехникалық колледжімен де келісімге отырды. Бұл өз кезегінде облыстағы кадр мәселесін реттеуге ықпал етеді деп күтілуде.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ