Атырау, 26 қаңтар 02:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 517.84
€ 543.11
₽ 5.28

Түркі елдерінің ортақ әліпбиі бекітілді

467 просмотра

Түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясы 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиін бекіту туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TRT телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бас кеңсесі Астанада орналасқан Түркі академиясы 9-11 қыркүйекте Әзірбайжанның астанасы Бакуде Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының 3-отырысы өткенін мәлімдеді.

"Отырыстың басты мақсаты – осы салада жиналған ақпараттар мен комиссияның 2 жылдық жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, түркі тілдеріне ортақ әліпби жобасы бойынша жұмысты пысықтау болды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 34 әріптен тұратын ортақ түркі әліпбиі туралы ұсыныс бойынша келісімге қол жеткізілді", – делінген хабарламада. 

Еске салсақ, түркі елдерінің ортақ әліпбиін жасау идеясын Түркия президенті Ердоған ұсынған еді. 

12 қыркүйек 2024, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.