Атырау, 18 қыркүйек 00:34
 ашықВ Атырау +16
$ 480.63
€ 535.13
₽ 5.27

Ташкент-Мәскеу бағытында жолаушылар пойызы Ақтау арқылы қатынайды

478 просмотра
Railway.uz сайтынан алынған сурет

2022 жылы қатынауды тоқтатқан Ташкент — Мәскеу — Ташкент бағытындағы пойыз 2024 жылдың 24 қыркүйегінен бастап қайта қатынайды деп хабарлайды Өзбекстан темір жолдары.

Өзбекстанның темір жолдарына жауапты компанияның мәліметінше, жыл соңына дейін пойыз аптасына бір рет 2025 жылдан бастап екі рет жүретін болады. Жолға 3 күндей уақыт кетеді. Пойыз Пенза, Самара, Орынбор, сондай-ақ Ақтау арқылы өтеді.

Ташкент-Мәскеу бағытында жүретін № 505 пойыз 24 қыркүйек, 2 қазан, 10 қазан, 26 қазан, 2 қараша, 18 қараша, 26 қараша, 4 желтоқсан, 12 желтоқсан күндері жолға шығады.

Ал Мәскеуден Ташкентке бет алған № 506 пойыз 28 қыркүйек, 6 қазан, 14 қазан, 30 қазан, 6 қараша, 22 қараша, 30 қараша, 8 желтоқсан күндері жүреді

Билетті 45 күн бұрын сатып алатын болса, плацкарт вагонның билеті 2 456 360 сум, (94 475 тг) купенің билеті — 3 328 370 сум (128 000 тг) болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін шілде айында Иран, Қазақстан, Түркіменстан «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізін дамытуға арналған жол картасы іске қосылғаны туралы жазылған еді. Қытай мен Иран арасындағы темір жол қатынасы да қайта іске қосылған еді. Айта кетейік, бұл темір жол Қазақстан арқылы өтеді.

12 қыркүйек, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.