Атырау, 18 қыркүйек 00:37
 ашықВ Атырау +16
$ 480.63
€ 535.13
₽ 5.27

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

318 просмотра
Фото: azh.kz Елена СУНДЕТОВА

Бүгін елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, себебі антициклон аумақты қамтиды. Тек шығыс өңірлерде фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады. Сондай-ақ, елдің солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтілуде. Батыс пен оңтүстікте жел күшейіп, шаңды дауыл болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қостанай облысы

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысы

12-13 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, 13 қыркүйекте күндіз найзағай күтіледі. 12-13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. 12-13 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде төтенше, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Тараз қ.: 12-13 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12-13 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қауіпі, областың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қ.: 12 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысында шығыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 12-14 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі күтіледі. Ақтөбе қ.: 12-14 қыркүйекте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Абай облысы

Абай облысында солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Семей қ: 12 қыркүйекте жел солтүстіктен соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қ.: 12 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысы

Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 12 қыркүйекте төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Түнде және таңертең Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысы

Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 12 қыркүйекте cолтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысы

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 12 қыркүйекте шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 12 қыркүйекте жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

Алматы облысының батысында, солтүстігінде жоғары, облыстың ортылығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

12 қыркүйек, 10:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.