Атырау, 17 қыркүйек 21:50
 ашықВ Атырау +11
$ 480.61
€ 534.53
₽ 5.28

Балаларын түнде далаға жіберген 84 мың ата-ана қалай жазаланды

401 просмотра
Фото: freepik.com

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Биыл оқу жылында еліміздің 110 мектебінде Зияткерлік мектептермен бірлесе отырып, буллингке қарсы Kiva пилоттық бағдарламалары, сондай-ақ 50 мектепте «ДосболLike» бағдарламасы іске қосылды. Нәтижесі бойынша бағдарламаларды басқа мектептерге енгізу туралы шешім қабылданады. Биыл бала тәрбиесі бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін 70 қылмыстық іс қозғалған. Балалардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін 84 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды. Осыған байланысты 6,5 мың мектепте ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылды. Сынып жетекшілері рөлінің маңыздылығын ескере отырып, мұғалімге сынып жетекшілігі үшін төленетін қосымша ақы мөлшерін арттыру мүмкіндігі пысықталып жатыр. Сонымен қатар құрдастарына теріс әсер ететін 1700 заңсыз «көшбасшы» анықталып, бақылауға алынды. Жалпы, соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылмен салыстырғанда 30%-ға, биыл 5%-ға төмендеді», - делінген үкіметтің хабарламасында.

Еске салайық, биыл кәмелетке толмағандардың құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік заң жүзінде қатаңдатылды. Атап айтқанда, татуласу алынып тасталды, кәмелетке толмағандарды зорлағаны үшін тек өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылған, бұрын 20 жылға дейін соттайтын еді. Жыныстық зорлық-зомбылық және суицидті насихаттау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл шеңберінде балалар арасында қорқытудың және буллингтің алдын алу жөніндегі шаралар күшейтілді. Қорқыту, буллинг пен кибербуллингтің құрбаны болған кәмелетке толмағандарды ерте анықтау және оларға көмек көрсету әдістемесі қабылданды.

11 қыркүйек, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.