Атырау, 17 қыркүйек 21:44
 ашықВ Атырау +11
$ 480.61
€ 534.53
₽ 5.28

Қазақстандықтарға жалған нөмірлерден 58 миллион қоңырау түскен

373 просмотра
Фото: үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет жанындағы құқық бұзудың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отырысқа ішкі істер министрі, Астана, Алматы, Шымкент және облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Қаржы мониторингі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағалары қатысқан.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлім еткендей, «Киберпол» арнайы тобы 2,5 мыңнан астам қылмысты ашқан. 914 қылмыскер ұсталған.

«Жалған нөмірлерден түскен 58 миллион қоңырау бұғатталды. Еліміздің 5 қаласында 19 SIM-бокс және 6 мыңнан астам тіркелмеген SIM-карталары анықталды. «Антифрод-орталық» жұмысы аясында шетелге шығару сатысында тұрған 400 млн теңге бұғатталды. Шараларды күшейту үшін несие беруден ерікті түрде бас тарту, сондай-ақ жәбірленушінің қатысуынсыз ресімделген несиелерді есептен шығару бойынша бірқатар заңнамалық түзету пысықталып жатыр», - деп хабарлайды Сәденовтің мәліметін үкімет.
11 қыркүйек, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.