Атырау, 11 қазан 06:40
 ашықВ Атырау +13
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Мемлекетке опасыздық жасады деп айыпталған ғалым Тоқаевтың рақымшылығына ілінген

408 просмотра
Фото: exclusive.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі синолог, саясаттанушы ғалым Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мысли вслух телеграм каналына сілтеме жасай отырып.

«Өткен жаздың керемет жаңалығы ! ҚР Президенті жанындағы рақымшылық жөніндегі комиссия Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен әйгілі қытайтанушы ғалым, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады. Оның соттылығы алынып, құқықтары қалпына келті. Әділеттілік орнады, әріптесім әрі тәлімгеріме зор денсаулық, ғылымда жаңа табыс тілеймін», - деп жазды автор.

Еске салсақ, ғалым 2019 жылы «мемлекетке опасыздық жасады» деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол түрмеде 5 жыл отырып, мерзімінен бұрын шартты түрде босап шыққан.

11 қыркүйек, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.