Атырау, 10 қазан 03:35
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

ТМД елдері жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуына қарсы күресуге келісім жасады

343 просмотра

ТМД елдері жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуымен күресуге келісті, деп хабарлайды NEGE Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс биологиялық материал алмасу туралы келісімді ратификациялады. Құжатқа 2022 жылғы 20 мамырда Минскіде ТМД-ның бес елі: Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қол қойған.

Келісімді ратификациялау тараптарға жануарлардың аса қауіпті ауруларының зертханалық диагностикасын жетілдіру және микроорганизмдердің (штаммдарының) ұлттық коллекцияларын толықтыру бойынша күш-жігерді біріктіруге мүмкіндік береді. Зерттеу деректері негізінде дәрі-дәрмек жасау, мал ауруларының диагностикасы мен емдеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ олар мамандардың білімі мен біліктілігін арттыруға септігін тигізбек.

Сонымен қатар келісім аясында жануарлардың жұқпалы, аса қауіпті ауруларының таралуын болдырмауға және қатысушы мемлекеттердің аумақтарын эпизоотиядан қорғауға бағытталған профилактикалық әдіс жүзеге асырылатын болады.

11 қыркүйек, 14:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.