Қазақстанда жақын арада "Zoomlion" тракторлар өндірісі басталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жыл сайын Саран қаласындағы зауытта 700-ге дейін трактор шығару жоспарланған.
Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары ауыл шаруашылығы техникасы саласындағы жетекші компаниялардың бірі — қытайлық "Zoomlion Agriculture Machinery Co Ltd." өкілдерімен кездесу өткізді. Тамыз айында өткен кездесу барысында Қазақстан аумағында тракторлар өндірісін ұйымдастыру жоспарлары талқыланды.
"Zoomlion" компаниясы ауыл шаруашылығы техникасының кең ассортиментімен танымал, оның ішінде құрғақ солтүстік аймақтарға арналған техникалар, оңтүстік күріш алқаптары үшін машиналар, үнемді модельдер және егін жинағаннан кейінгі өңдеуге арналған техника бар. Бұл жоба Қазақстандағы "QazTehna" кәсіпорнымен ауқымды ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл серіктестіктен үлкен үміт күтеді және жобаны іске асыруда қолдау көрсетуге дайын. Ынтымақтастық өткен жылдың жазында лицензиялық келісімге қол қоюдан басталған болатын, енді өндіріс практикалық кезеңге өтіп отыр.