Атырау, 19 қыркүйек 21:20
 ашықВ Атырау +8
$ 478.96
€ 533.03
₽ 5.22

Келесі көшпенділер ойындары қырғыз елінде өтетін болды

345 просмотра

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қайта айналып Қырғызстан елінде өтетін болды. Бұл туралы өзінің ресми телеграм арнасында осы елдің мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Қазақстандағы V көшпенділер ойындары жақсы өтіп жатқанын, қырғыз елінің спортшылары медаль алып жатқанын айтқан. Отандастарын құттықтай келе ол қырғызстандықтарға қуанышты жаңалығын жария етті.

«Сіздерге айтар жақсы жаңалығым бар. Қырғызстаннан басталған Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2026 жылы өз мекені Қырғызстанда өтетін болды. Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің және өз атымнан сіздерді құттықтаймын» - деді ол бейнеүндеуінде.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны ең бірінші рет Қырғызстанның Шолпан Ата мекенінде өткен еді.

11 қыркүйек, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.