5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 7 алтын, 7 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы алтын медальдар санын 21-ге жеткізіп, жалпы есепте көш бастап келеді. Нақтырақ айтсақ, үшінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша отандастарымыз 21 алтын, 10 күміс, 17 қола (48) медальмен жалпы есепте көш басында, - деп хабарлайды Arbat.media.
Екінші орында 7 алтын, 9 күміс, 7 қола (23) жүлдемен Қырғызстан спортшылары келе жатса, үздік үштікті 7 алтын, 9 күміс, 8 қола (24) медаль жеңіп алған Өзбекстан спортшылары түйіндеп тұр, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Ал төртінші орынға 4 алтын, 4 күміс, 13 қола (21) медаль жеңіп алған Ресей құрамасы ие болса, Мажарыстан құрамасы 1 алтын, 1 күміс, 5 қола (7) медальмен жалпы есепте үздік бесінші орында келеді.
Бүгінге дейін жалпы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүлдесі 26 мемлекеттің спортшыларына бұйырды.
Жалпы медальдар кестесі: