Атырау, 21 желтоқсан 21:21
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Байзақтағы жарылысқа кінәлі деп танылған сарбаздар 23 млрд теңге төлеуге міндеттелді

464 просмотра
Видеодан скриншот

Шымкенттің азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотында Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімдегі жарылысқа кінәлі деп сотталған сарбаздар Әсет Әшірбай мен Ерпулат Тұрановқа және офицерлер Аслан Бақытжанов пен Руслан Несіпқалиевқа міндеттелген жарылыс шығынын өтеуге қатысты сот өтті, деп хабарлайды NEGE

Сот қорғаныс министрлігінің 4 жауапкерден 25 093 038 236 теңге материалдық залалды өндіру туралы талабын ішінара қанағаттандырып, сотталған әскерилерді 23 миллиард 700 миллион теңге төлеуге міндеттеді. Дәлел болмағандықтан, қалған 1 328 507 355 теңгені төлемейді.

«Сот 28349 әскери бөлімінің техникалық аумағында №14 инженерлік оқ-дәрілер қоймасында жарылыс жауапкерлердің әрекеті нәтижесінде орын алғанын ескере отырып, олардан материалдық шығынды бірлесіп өндіру қажет деп санады. 23 764 530 881 теңге өндірілді. 1,3 миллиард теңгенің материалдық шығыны талап дәлелдемелерінің жоқтығынан бас тартылды», – делінген сот хабарламасында.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

10 қыркүйек, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.