Атырау, 19 қыркүйек 05:56
 ашықВ Атырау +18
$ 478.96
€ 533.03
₽ 5.22

Маңғыстауда тамақтан ұшынған оқушыларды тексеру үшін Астанадан вице-министр ұшып барды

329 просмотра
Фото: ДСМ

Маңғыстау облысында мектеп асханасындағы тамақтан уланған тағы 17 бала ауруханадан шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, балалардың жағдайын білу үшін бүгін Маңғыстау облысына вице-министр Ержан Нұрлыбаев ұшып барған. 

Қазір 75 оқушы стационарда ем алып жатыр. Жансақтау бөліміндегі балалардың денсаулығы жақсарған соң, олар палатаға шыққан.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қыркүйек күні ауыл мектебіндегі асханадан тамақ ішкен 460 оқушы ауырып, дәрігерге жүгінген. Балалар жаппай уланған соң бұл іс резонанс тудырған. Үкімет тергеуді бақылауына алып, елдегі мектеп асханаларын бір ай ішінде түгел тексере бастаған.

Бесшоқы мектебіндегі асханаға мөр басылып, жабылған.

10 қыркүйек, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.