Атырау, 19 қыркүйек 05:18
 ашықВ Атырау +18
$ 478.96
€ 533.03
₽ 5.22

Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

515 просмотра
Фото: Ақорда

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, егін орағы мен су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы үйлердің құрылысы туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметіне сүйенсек, Бектенов негізгі дәнді дақылдар алқабының 4,5 миллион гектарға жуығы немесе 27 пайызы орылғанын хабарлаған. Оның айтуынша, орта есеппен бір гектардан 15 центнер өнім алынған. Шамамен 6,6 миллион тонна астық бастырылды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 40 пайызға артық.

«Осы уақытқа дейін су тасқынынан зардап шеккендер арасында 7 463 адам жаңа үйге көшкен.  479 баспананың құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар 9 171 отбасына жөндеу жұмыстары үшін өтемақы төленді», - деп хабарлаған Бектенов.  

Кездесу соңында президент премьер-министрге елімізді одан әрі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытуға қатысты бірқатар тапсырма берген.

9 қыркүйек, 16:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.