Атырау, 18 шілде 02:55
 дождьВ Атырау +22.5
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97

Аударыспақтан ұлттық құраманың бүкіл спортшысы финалға өтті

809 рет қаралды
Фото: туризм және спорт министрлігі

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасының бүкіл спортшысы финалға өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жарысқа 9 мемлекеттен 64 спортшы тіркелген. Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресейдің спортшылары арасында Қазақстанның аударыспақ құрамасы финалға озып шықты.

Айта кетейік, команданың финалға шыққан спортшылары -  Ермек Құралбай, Алмат Ләтіпбек, Дарын Өткелбай, Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев.

9 қыркүйек 2024, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.