Атырау, 10 қазан 03:18
 ашықВ Атырау +14
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Назарбаевтың қыздары Қазақстанның ең ықпалды әйелдері тізіміне енбей қалды

394 просмотра
Коллаж: kursiv.media

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен және ортаншы қызы Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева ең ықпалды 25 қазақ әйелінің қатарына енген жоқ. Рейтингті 2024 жылдың қыркүйегінде Forbes Woman Kazakhstan ұсынған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тізімге 110 адам кіріп, оның ішінде 42 қатысушы іріктелді. Тізімді сарапшылар бағалады. Олардың бағалауы бойынша елдегі ең ықпалды 25 әйелдің тізімі жасалды.

"Рейтингті Halyk банкінің басшысы Үміт Шаяхметова бастады", – деп жазды Forbes Woman Kazakhstan журналының бас директоры Зульфия Хайбуллина.

Шаяхметовадан басқа, қаржы секторы бойынша рейтингте Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Әбілқасымова (2-орын), "Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова (5-орын) және KASE Басқарма төрағасы және директорлар кеңесінің мүшесі Алина Алдамберген (11-орын) бар. 

Рейтингте іскер әйелдер көрсетілген. Мәселен, 18-орынды Lancaster Holding-тің  тең құрылтайшысы, еліміздегі ең ірі қала – Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнәр Досаева иеленді.

Үздік 25-ке үкіметтегі әйелдер кірді. 4-орынға Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жайғасты.

Дариға Назарбаева мен Динара Құлыбаева ықпалды әйелдер рейтингінде жоқ. Екеуі де –  еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы. Екеуі де Қазақстанның ең ауқатты адамдарының рейтингіне енген.

Дариға Назарбаева ең бай 75 бизнесменнің ішінде 15-орында. Оның байлығы 590 миллион долларға бағаланады. Ал Динара Құлыбаева күйеуі Тимур Құлыбаевпен бірге ең бай адамдар рейтингінде екінші орынды алады. Олардың әрқайсының табысы 5 миллиард доллар.

Айта кетейік, бұған дейін Желіде Дариға Назарбаеваның Монако ханшайымы Грейс Келлидің құрметіне арналған қайырымдылық аукционына қатысқаны түсірілген видео тараған еді. Қайырымдылық кешіне 2 адамға билет құны 33 мың еуро, яғни 17 миллион теңге. Назарбаевтар әулетінен 6 адам қатысқан. Осылайша, қайырымдылық кешіне кіру сомасы – шамамен 51 миллион теңге болған.

9 қыркүйек, 13:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.