Атырау, 25 наурыз 21:10
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

Халықаралық іздеудегі 3 тұлға сотталды

1 277 рет қаралды
Сурет: gov.kz

2023 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін елордада қылмыстық құқықбұзушылық жасаған 8 қылмыскер экстрадицияланды.

Қазіргі таңда экстрадицияланғандардың үшеуі сотталды.

«Telegram» қосымшасын пайдалану арқылы «мефедрон» психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Ол 2 жыл бойы іздеуде болған.

Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарналар алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Келтірілген шығын 85 млн теңгеден астам.

Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды. 

Елорда прокуратурасы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық саласында құқық қорғау және мемлекеттік органдарды тұрақты негізде үйлестіреді.  

6 қыркүйек 2024, 17:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.