Атырау, 31 қазан 09:59
 дождьВ Атырау +3.8
$ 453.87
€ 508.33
₽ 5.65

Студенттер жатақханасына Face ID орнатылады

1 286 рет қаралды
Көрнекі сурет

Қазақстанда студенттер жатақханаларында биометриялық сәйкестендіру жүйесі енгізіледі. Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталында бұйрық жобасын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрлік жатақханаларға бөтен адамдардың кіруін болдырмау үшін студенттерді бет-әлпетімен тану жүйесін пайдалануды жоспарлап отыр.

««Басқа адамдардың студенттік рұқсатнаманы пайдаланып, ішке кіруіне жол бермес үшін жатақханада тұратын студенттер үшін қолжетімділікті бақылау мен басқарудың баламалы жүйесін – биометриялық сәйкестендіруді (Face ID) енгізу жоспарланып отыр», - делінген құжатта.

Ал егер студенттердің жатақханада нақты тұратыны жөнінде қосымша мәліметтер қажет болған кезде оператор жатақхана тұрғындарына қоңырау шалады.

Бұйрық жобасы 20 қыркүйекке дейін қоғам талқысына шығарылған. 

6 қыркүйек 2024, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.