Атырау, 16 қыркүйек 23:52
 ашықВ Атырау +19
$ 479.38
€ 531.63
₽ 5.27

«Ұзынағаш – Отар» жолындағы жұмыс барысы қалай жүріп жатыр

765 просмотра

ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Баяхмет Дүниежүзілік банк өкілдері мен жол қауіпсіздігі жөніндегі мамандармен бірлесіп, ұзындығы 42 шақырымды құрайтын «Ұзынағаш – Отар» тасжолында атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын тексерді. Бүгінгі таңда аталған жолды қайта жаңарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Іске асырылып жатқан жұмыс шеңберінде сөзге тиек етілген учаскені ІІ-ден I техникалық санатқа ауыстыру көзделген. Аталған жобаны қаржыландыру Дүниежүзілік банк арқылы жүзеге асырылуда.

101 шақырымнан бастап Жамбыл облысының шекарасына дейінгі аралықтағы ұзындығы 11 шақырым болатын учаскеде негіздің жоғарғы қабатын және жабынның төменгі қабатын төсеу бойынша жұмыстар аяқталды. Қазіргі уақытта Ақтерек ауылы мен Жамбыл облысының шекарасы арасындағы учаскеде жаңа жабынмен қозғалыс қамтамасыз етілді. 

Аталған учаскенің бойындағы жолда жол таңбалары орнатылып, бір көпір салынды. Бұл көлік құралдарының қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етпек.

Жоба аясында жалпы екі көпір мен 55 су өткізгіш құбырды орнату көзделген. Қазір бір көпір салынып, 35 су өткізгіш құбыр орнатылды. Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда. 

«Ұзынағаш – Отар» автомобиль жолы еліміздің ең ірі мегаполисі – Алматы қаласын оңтүстік өңірлермен, сондай-ақ, Өзбекстан мен Қырғызстан сияқты көрші мемлекеттермен жалғайды.  Сонымен қатар Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық көлік дәлізінің бөлігі бола отырып, Қазақстанның көлік жүйесінің маңызды буыны болып табылады.


6 қыркүйек, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.