Атырау, 17 қыркүйек 00:06
 ашықВ Атырау +19
$ 480.61
€ 534.53
₽ 5.28

​Шымкент соты ысырап ету және салық төлеуден жалтару ісі бойынша үкім шығарды

367 просмотра

Шымкент қаласының ауданаралық қылмыстық сотында М.-ға қатысты аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті топ адаммен алдын ала сөз байласу арқылы қызмет бабын пайдалана отырып ысырап ету (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) және К. мен Б.-ға аса ірі  мөлшерде бөтеннің мүлкін топ адаммен ұрлау, аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтару және құжаттарды қолдан жасау (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы), 28-бабы 3-бөлігі - 245-бабы 2-бөлігі 1, 2-тармақтары), 385-бабы 2,3-бөліктері) фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

Сот 2019 жылы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының басшысы М. өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы ЖШС директоры Б. және құрылтайшысы К. бірге қылмыстық мақсатта әкімдіктің бюджет қаражатын жымқыруды көздегенін анықтады.

Олар тұрғын үй аулаларын абаттандыруға арналған сметалық құжаттарды (қоқыс жәшіктері, шағын беседкалар, орындықтар, ойын және жаттығу алаңдары) материалдардың құнын асыра отырып әзірлеу арқылы шамамен 700 млн теңге көлемінде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап етті.

Өз кезегінде, К. ұйымдастырушы ретінде Б.-мен бірге декларацияларға әдейі бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салық төлеуден жалтаруды ұйымдастырып, мемлекетке 194 млн теңгеден астам зиян келтірді. 

Сонымен қатар, Б. салық органдары алдындағы қарызын жасыру мақсатында 130 млн теңгеден астам сомаға банк кепілдігін жасау үшін банк фирмалық бланкін қолдан жасаған.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор сотталушыларға 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. 

Жәбірленушілердің өкілдері заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады. 

Сотталушылар өз кінәларын мойындамай, оларды ақтауды сұрады.

Неліктен және қандай жаза тағайындалды

Заң бойынша жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін негізгі жаза ретінде жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. 

Сотталушылардың кінәсі сотта зерттелген дәлелдемелермен дәлелденді. 

Сот жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып – кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты, әрқайсысына қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, М.-ны өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырды.

Сондай-ақ, Б. ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершіліктен ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылды, қылмыстық іс бұл бөлікте тоқтатылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

5 қыркүйек, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.