Атырау, 20 қыркүйек 02:49
 ашықВ Атырау +19
$ 478.93
€ 534.96
₽ 5.16

Домбыраны ұшаққа алып кіру мәселесі талқыланып жатыр

418 просмотра
Көрнекі сурет

Парламент мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай қазақтың ұлттық аспапы – домбыраны ұшаққа кіргізбейтін әуе компанияларын тәртіпке шақыруды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аманжол Әлтай мәжілістің жалпы отырысында үкіметке елдегі барша өнер қайраткерінің жанайқайын жеткізді.

«Сіздер білесіздер, әуе компаниялары ұшақ бортына қазақтың қасиетті домбырасын кіргізбейді. Бұл біздің ұлттық намысымызды қорлау деп түсінеміз. Қазақтың қасиетті домбырасы қатардағы жүк емес, біздің ұлттық құндылығымыз. Бүгінгі таңда осы қасиетті домбыраға қалай болса солай қарау, біздің ұлттық намысымызға тиеді. Сондықтан әбден тайраңдап кеткен әуе компаниялары қашан тәртіпке шақырасыздар? Қазақтың киелі домбырасын ұшаққа әрбір өнер өкілі өзімен бірге алып кіруі керек деп ойлаймын», - деді депутат.

Көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтің айтуынша, ұшақтарда музыкалық аспаптарды тасу олардың габариттеріне байланысты. Министрлік аспаптарды ұшаққа алып кіру үшін өзгерістер енгізуге дайын.

«Кейбір аспаптарды қазіргі әуе кемелерінің сөрелеріне орналастыруға мүмкіндік жоқ. Соған байланысты осындай сұрақтар туындап жатыр. Қазіргі күні әуе компанияларымен бірлесіп, осы шаруаны қалай шешуге болады деген мәселе талқыланып жатыр. Керек болған жағдайда багажды тасымалдау, қол жүгін тасымалдау шарттарына өзгерістер енгізуге дайындалып жатырмыз. Осы шаруаны барынша әуе кемелерінің мүмкіндіктеріне байланысты шешуге тырысып жатырмыз», - деп жауап берді Аблалиев.

4 қыркүйек, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.