Атырау, 26 қараша 00:47
 ашықВ Атырау -2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Полиглоттар мектебі

2 498 просмотра

Х. Досмұхамедов атындағы Атыраумемлекеттік университетінде «Білім беруді жетілдіру жүйесіндегі көптілділік негізі» тақырыбында семинар өтті.

Университет ректоры Бейбіт МАМЫРАЕВ қазақ тілінің көркемдік, әдеби жағынан бай болғанымен, ғылыми, ресми жағы ақсаңдап тұрғанын айтады:

– Қазір көпшіліктің  таза қазақ тілінде хат жаза алмайтыны жасырын емес, міндетті түрде орыс тіліндегісімен салыстырып отырамыз. Ал негізінде қазақ тілінің семантикасы өзге тілдерден кем емес.

Осыны айта келе, басшы өңірдегі жалғыз университет пен институтта білім бәсекелестігінің жоқтығына баса назар аудартты.

Аталған кемшіліктердің орнын толтыру үшін былтыр университет жанында лингвистикалық орталық ашылған. 2012 жылы осы оқу орны ҚР көптілді білім беретін 20 ЖОО тізіміне енген.

– Оқытушылардың тілдік аясын кеңейту мақсатында шет елдермен байланыс орнаттық. Мәселен, қазіргі уақытта 5 оқытушы «Болашақ» бағдарламасымен Англияда 5 айлық оқу курсынан өтіп жатыр, - дейді университеттің әлем тілдері факультетінің деканы Ақмарал ҚАЙЫРЖАНОВА. 

Одан бөлек, облысымызда көптілді білім беруді тәжірибе ретінде енгізген екі мектептің бірі Индер ауданындағы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің мұғалімі Роза ДӘУЛЕТОВА өз баяндамасында 2008-2009 оқу жылынан бастап 4 сыныптың эксперимент ретінде бекітілгенін атап өтті. Мектепте жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер ағылшын тілінде оқытылса, қазақ сыныптарындағы орыс тілі орыс сыныптарындағы орыс тілінің бағдарламасымен, ал орыс тілді сыныптарда Қазақстан тарихы пәні таза қазақ тілінде оқытылады екен. Тек шешімін толық таппаған мәселелер де аз емес. Соның ең бастысы – кадр жетіспеушілігі. Осыған орай, Р.Дәулетова тек қана ЖОО ұстаздарын емес, ауылдағы мұғалімдердің де шетелдерде оқу курстарынан өтуіне мүмкіндік жасалса деген ұсынысын ортаға тастады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

4 шілде 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.