Атырау, 23 қараша 19:20
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Индерборға баратын жол қараша айына дейін жөнделеді

694 просмотра

Республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» жолынан Индербор кентіне кірме жеті км жолға орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының тапсырысымен аталған жолды «KazService Group» мердігер мекемесі жасап жатыр.

Қазіргі уақытта жол төсемін бөлшектеу жұмыстары жүріп жатыр. Жөндеу жұмыстарына сегіз арнайы техника мен 20 адам жұмылдырылды. Жұмыс барысында биыл су келген сайларға су өткізгіш құбырлар мен мал айдайтын жолдар салынады.

Жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталып, сол уақытта пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 тамыз, 19:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.