Атырау, 29 қазан 16:29
 дождьВ Атырау +17.5
$ 457.09
€ 508.42
₽ 5.67

Атырауда бала септикке құлап өлді

1 964 рет қаралды
Көрнекі сурет

10 шілде сағат 11.00 шамасында Атыраудағы "Құрсай" ықшамауданындағы балабақшада тәрбиешінің қарауынсыз қалған 4 жасар бала канализация құдығына құлап кетіп, қайтыс болды.

Бұл оқиғаны облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі растады. Қалалық білім басқармасының басшысы Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА қайтыс болған бүлдіршіннің ата-анасына көңіл айтып, оқиға барысын полиция тексеріп жатқанын баяндады.

Атырау қалалық полиция басқармасының хабарламасы бойынша, осы дерекке қатысты қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда кешенді тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


10 шілде 2024, 18:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.