Атырау, 2 қараша 19:34
 бұлттыВ Атырау +11
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Лауазымды тұлғалар лимитті асырған

3 118 просмотра

Атырау қалалық соты 12-қаңтар күні Орал-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларына мемлекетке келтірілген шығынның орнын толтыруға шешім шығарды. Ал шығын сомасы – 142 186 681 теңге.

Атырау қалалық прокурорының көмекшісі Асхат ҚАБДЕШЕВТЫҢ айтуынша,аталмышбасқарманың қызметкерлері Гарбачев пен Жанбатыров мемлекет пайдасына 21 328 002 теңге, ал Каметов 99 530 677 теңге көлемінде ақша сомасын қайтаруға тиісті.

Тексеру барысында балық ауланғаны үшін бекітілген лимитке сәйкес, 2006 жылы бюджетке 86 242 224 теңге, ал 2007 жылы 142 186 681 теңге көлеміндегі төлемнің түспегендігі анықталған. Осылайша, Каметов ҚР ҚК-ның 308-бабы 4-бөлімінің «в» тармағымен қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану арқылы басқа ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алғаны үшін, Гарбачев пен Жанбатыров ҚР ҚК-нің 315-бабы 4-бөлімімен лауазымды қызметте бола тұрып, қызметтік өкілеттігін орындамаған әрекетсiздiктері үшін кінәлі деп танылған болатын.  

Сот материалдары бойынша жауапкер Каметов ҚР-ның 2004 жылдың 9-шілдесіндегі «Жануарлар әлемін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» заңын бұзғандығы белгілі болды. Ол балық шаруашылығы мекемелеріне балық кәсіпшілігін жалғастыруға және балық аулауға бекітілген лимиттен асырып пайдалануға рұқсат беретін бұйрық шығарған. Сонымен бірге, ауланған 462, 343 тонна көксеркенің және 1,178 тонна шортан балықтың бір келісі үшін 20 теңгеден төленген. Ал ҚР-ның 2001 жылғы 4-қыркүйектегі №1140 қаулысы бойынша, балық шаруашылығы басқармасы балық шаруашылығы мекемелерінен көксерке үшін бір келісін 327 теңгеден, шортанның бір келісін 218 теңгеден өндіріп отыруы тиіс. Ал Гарбачев пен Жанбатыров үкіметтің нормативті-құқықтық актілерін есепке алмастан, қызмет бабын пайдалана отырып, мына мекемелердің мүддесі үшін әрекет еткен: «Атыраубалық» АҚ, «Амангелді» ӨК, «Абылайхан» ЖШС, «Жемчужина» ЖШС, «Стандарт» ӨК, «Восток» ЖШС, «Жамбыл» ӨК, «Ракуша» ӨК, «Каспий балық» ӨК.

Сот шешімі заңды күшіне еніп отыр.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

7 сәуір 2011, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.