Атырау, 25 қараша 22:43
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Орта ғасырдан «сәлем»

2 250 просмотра

Оба, қарасан, құтырма – осы аурулардың атауы орта ғасырдан естілген зұлмат шақырулар тәрізді естіледі. Қарасан ауруы Атырау облысы аумағында соңғы рет 1997 жылы тіркелсе,  адамның құтырма ауруына шалдығуы күні кеше – 2010 жылы анықталған-ды. Сондықтан да осындай аса қауіпті инфекцияларды жұқтыру қаупін күн тәртібінен шегеруге мүлдем болмайды.

Осы туралы Атырауда Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарынан, сондай-ақ, Ресей Федерациясының Астрахан және Орынбор облыстарынан келген мамандардың қатысуымен өткен арбовирусты жұқпалы аурулардың табиғи ошақтарымен күресуде өзара әрекеттесу мәселелері бойынша семинар-кеңесте әңгіме болды.

Атырау облысы санэпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры Өмірзақ ЗИНУЛЛИННІҢ айтуынша, облысымызда карантиндік және ерекше қауіпті инфекциялар бойынша жайлы эпидемиологиялық ахуал орын алған. Соңғы рет обамен ауру жағдайы 1997 жылы тіркелген. Біздің өңірдің аумағындағы барлық аудандар оба бойынша энзоотиялық болып табылады. Республикалық кадастрға қарасан бойынша 25 стационарлы-жайсыз бекет енгізілген, олардың көпшілігі, яғни, 10-ы Қызылқоға ауданында орналасқан. Бақытымызға орай, белсенді бекеттер жоқ. Атырау облысында адамдар арасында құтырмамен ауру жағдайы Астрахан облысымен шектесіп жатқан Құрманғазы ауданында тіркелген.

- Аса қауіпті инфекциялар мәселесі күрделі күйінде қалып отыр. Астрахан облысында тіркелген Астрахан риккетсиозды безгегі, Ку безгегі, конго-қырымдық геморрагиялық безгегі, Батыс Ніл алқабының безгегі, сондай-ақ, Батыс Қазақстандағы бөтеке синдромды геморрагиялық безгегі біздің аумағымызға да келе алады. Сондықтан да біз біріккен кешенді жұмыстарды атқаруымыз керек, - деп атап өтті Ө. Зинуллин.

- Біз Қазақстанмен Котяевка селосымен қатар тұрған Красноярск ауданының аумағы және Қарабайлы ауданының аумағы бойынша шектесеміз. Біздің аумақтар бір тектес табиғи-ошақты және аса қауіпті инфекцияларға бейім болып келеді. Шекаралас аумақтардағы оба, конго-қырымдық безгегі, Батыс Ніл безгегі ошақтары тұрақты бір жерде. 2011 жылы бізге Құрманғазы ауданының дәрігерлері қырым геморрагиялық безгегін жұқтырған деп күдіктелген бір адамдға диагностика жасауды өтінді. Біз зертханалық сараптама жүргіздік, диагноз расталды, - дейді Роспотребнадзордың Астрахан облысы бойынша эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бөлім бастығының міндетін атқарушы Наталья НИКЕШИНА.

Санитарлық дәрігерлер эпидемиологиялық факторларды бірлесе зерделеу екі мемлекет аумағында да қауіпті аурулардың пайда болуына жол бермейді деп үміттенеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 маусым 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.