27 мамырда сағат 12:19-да Атырау қаласы, СМП-163 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен түтін шығып жатқаны туралы шақырту түсті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.
Өрт сөндірушілер жеткен кезде 6 қабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатындағы пәтердің қонақ бөлмесінде жиһаздардың жанып жатқанын анықтады. Өрт сағат 12:44 –те оқшауланып, сағат 12:52-де толықтай жойылды. Сонымен қатар өрттің одан әрі көршілес орналасқан пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
Өрт кезінде 23 адам, оның ішінде 8 бала өздігінен таза ауаға шыққан. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 8 қызметкер, 3 бірлік техника, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ 3 қызметкер, 1 бірлік техника жұмылдырылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА