Биыл Азаттық даңғылының автокөлік жолына Абай көшесінен («Ақжайық» қонақ үйінен бастап - автор) полиция департаменті ғимаратына дейінгі аралықта қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады.
Атырау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мәлімдегендей, қайта қалпына келтіру кезінде жолдың енін қолданыстағы жолдан 12-14 метрге дейін кеңейту қарастырылған.
- Бұдан бөлек Азаттықпен шектесетін Балықшы ықшамауданы, Ахмедияров көшесінің жолын орташа жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. Орташа жөндеу жұмыстары бойынша «Атырауинжстрой-Аис» ЖШС мердігер мекемесі болып анықталып, жалпы соммасы 601 млн 228 мың теңге қаражат көзі қарастырылған. Қазіргі таңда мердігер мекеменің техникалары бөгет салу жұмыстарына жұмылдыруға байланысты және техникалар жөндеуге тұруға байланысты құрылыс жұмыстары қашан басталатыны нақты белгісіз, - деді жолдар бөлімінен.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ