Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында «Атырау» және «Ордабасы» (Шымкент) командалары арасында Лига Кубогының бірінші кезеңінің ойыны өтті.
Ойыншылар қарқынды әрі қызықты ойын көрсетті. Төреші Саят ҚАРАБАЕВ болды. Ойыншылар ойын ережесін бірдей бірей бұзды деп айтуға болады, себебі төреші қонақтарға үш сары және алаң иелеріне бір сары және бір қызыл карточка көрсетті. Қарсыластар біраз шабуылдағанымен, есеп 0:0 болып, құрғақ күйінде қалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ