Атырау, 22 қараша 18:37
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Францияның Шри-Ланкадағы елшісі өлі күйінде табылды

404 просмотра
Фото: lk.ambafrance.org

Францияның Шри-Ланкадағы және Мальдив аралдарындағы елшісі 53 жастағы Жан-Франсуа Пактэ Коломбодағы резиденциясында өлі күйінде табылды. Бұл туралы Шри-Ланканың СІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Франция елшісі Пактэнің қайтыс болғаны туралы өкінішпен хабарлаймыз. Жақында елшілік жерлеу рәсімі туралы ақпарат береді», - делінген дипведомство мәлімдемесінде.

Полиция жергілікті lankasara басылымына дипломат өзінің резиденциясында қайтыс болғанын айтқан. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол 26 мамырда таңертең дипломатиялық миссия қызметкерлерімен байланысқа шықпаған. Қызметкерлер бұған аса мән бермеген, өйткені жексенбі – демалыс күні. Алайда, елшімен байланыс орната алмаған дипведомство қызметкерлері полицияға хабарлаған. Полицейлер дипломаттың зорлық-зомбылық белгілерінсіз денесін тапты.

Уәкілетті органдар атап өткендей, өлімнің себебі – денсаулықтың күрт нашарлауы, жүректің тоқтап қалуынан болуы мүмкін. Өлімнің нақты себебі сараптама жасалғаннан кейін аталады.

27 мамыр, 09:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.