Атырау, 24 қараша 10:57
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда 16 дабыл батырмасы іске қосылған

929 просмотра

Осы заманауи цифрлық технологияның көмегімен қандайда бір келеңсіз немесе төтенше жағдайлар туындаған кезде SOS батырмасын басу арқылы автоматты түрде Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен дереу байланыс орнатып, полицияға хабарласуға болады. Жүйе бейнежазба және аудио динамиктерімен жабдықталған.

Батырмалар халық көп шоғырланған мекен-жай бойынша орналасқан: 

1. Қ.Смағұлов көшесі “Санаторий” жайық жағалауы;

2. “Ақ-жайық” қонақ үйінің алдында;

3. Авангард мөлтек ауданындағы соңғы аялдамасы;

4. Қалалық Әкімшілік ғимараты;

5. Балықшы ықшам ауданы (Halyk Bank ғимаратына қарама қарсы);

6. Хиуас Доспанова атындағы халықаралық әуежайы;

7. Мұса Баймұханов көшесі, 48 үй (“Ас болсын” асханасы тұсында);

8. “Атырау” сауда орталығы;

9. Теміржол вокзалы;

10. Абай-Махамбет көше қиылысында ( Махамбет Өтемісов атындағы драма театры);

11. Амандосов-Сатылбалды көшесі (Алмагүл ықшам ауданы);

12. Әуезов-Азаттық көше қиылысында көлік тұрағы тұсында;

13. Берғалиев-Баймұханов көше қиылысында “Лидер” супермаркеті тұсында;

14. Көктем базары тұсында;

15. Жилгородок аялдамасы;

16. Х.Досмұхамедов атындағы университеті.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА 

26 мамыр, 12:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.