Атырау, 24 қараша 10:26
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда екі балық инспекторы браконьерлікпен айналысты деген күдікке ілінді

957 просмотра
Көрнекі сурет

Бүгін «АЖ» Атырау облысы бойынша полиция департаментінің баспасөз қызметінен «Бекіре» акциясы барысында анықталған браконьерлік дерек бойынша жауап алды.

- 20 сәуірде тіркелген факті бойынша үш күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 2-тармағы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. 18,5 келі бекіре балығы тәркіленді, - деп жауап берді ПД баспасөз қызметі.

ПД мәліметінше, күдіктілердің екеуі балық қорғау инспекторы, ал үшіншісі - азаматтық тұлға. Тергеу мүддесі үшін егжей-тегжейі хабарланбайды.

Еске салсақ, мамырдың басында акция басталғалы бері Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдары және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп 533 табиғат қорғау заңнамасын бұзу дерегі анықталып, жолын кескені, нәтижесінде 386 тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны хабарланды. Бұдан басқа, браконьерлік және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерін заңсыз ұстауға қатысты 50 қылмыстық іс қозғалды.

Заң бұзушыларға 11,6 млн теңге айыппұл салынып, заңсыз айналымнан 9 тонна 729 кг балық тәркіленді, оның ішінде бір тонна 412,2 кг бекіре тұқымдас балық түрлері, 6 кг 028 г бекіре балығының уылдырығы, 82 бірлік аулау құралдары және 25 бірлік су көлігі бар.

Айнұр САПАРОВА 

24 мамыр, 22:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.