Атырау, 27 шілде 05:48
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Талдыкөл тұрғындарына қайық тасымалы ұйымдастырылды

804 просмотра

Махамбет ауданына қарасты Талдыкөл ауылында су деңгейі  көтеріліп, ауылға кірме жолды су басып кетті. Осыған байланысты, тұрғындардың Атырау қаласымен қатынасын үзбеу үшін, ТЖД мамандары қайық арқылы тасымалдау қызметін ұйымдастырып отыр. 

Бейбарыс ауылдық округінің әкімі Сейілбек Зұлхашев хабарлағандай, қазіргі уақытта Талдыкөл ауылына су басу қаупі төніп тұрған жоқ.                                           

Қосымша бекіту жұмыстары үзіліссіз жүруде. Қайық тасымалы тұрғындардың қаламен байланысын үзбеу үшін ұйымдастырылып отыр.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, Талдыкөл ауылында   Қорғаныс министрлігінің 59 сарбаз, Төтенше жағдайлар министрлігінің 17 қызметкері және арнайы техникалар жұмылдырылуда.
                                                                                                
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Талдыкөл ауылынан алдын ала 207 тұрғын Атырау қаласындағы эвакопунктке эвакуацияланған болатын. 422 адам өз қалауымен туыстарының үйіне орналасты.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

24 мамыр, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.