Атырау, 19 қараша 16:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 497.89
€ 525.12
₽ 5.00

Шымкент МӨЗ қуатын ұлғайту жоспары бір жылға кейінге қалдырылды

846 просмотра

Шымкент мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) өндірістік қуатын кеңейту жоспары 2029 жылдан 2030 жылға дейін кейінге қалдырылды, деп хабарлады Курсив Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Энергетика министрлігінде «Шымкент мұнай өңдеу зауытының (МӨЗ) өндірістік қуатын жылына 12 миллион тоннаға дейін жеткізу» жобасы бойынша жоспарланған жұмыстар бойынша кеңес өтті.

Осы күні бұл зауытқа иелік етіп отырған «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ы жылыны 6 тонна өнім өндіріп, ішкі нарықты мотор жанармайымен қамтамасыз етіп отырған Орталық Азиядағы ең ірі зауыт.  

«Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп мемлекеттік қолдау шараларын, оның ішінде шикізат, инфрақұрылым мен энергоресурстармен қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарды қолдану мәселелерін қарастырып отыр. Сондай-ақ, әлеуетті инвесторлардың қарсы міндеттемелерін айқындайтын Қазақстан мен Қытай елінің үкіметаралық келісімінің жобасын әзірледі. Жаңа нысандарды іске қосу 2030 жылға жоспарланған», – делінген ведомство таратқан мәліметте.

Алдын ала есептеулер бойынша, жаңа жоба толыққанды жүзеге асырылған жағдайда автокөліктерге арналған жанармай өндірісін 700 мың тоннаға, авиаотын өндірісін 700 мың тоннаға, дизель отынын өндіру көлемін қазіргіден тағы 3,9 млн. тоннаға дейін арттыруға  мүмкіндік береді.

Бұған дейін Энергетика министрлігі Шымкент МӨЗ қуатын алдымен 9 млн тоннаға дейін, содан кейін жылына ағымдағы 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлары туралы бірнеше рет хабарланған болатын. Бұл ретте 2029 жылға қарай зауыттың қуатын арттыру міндеті қойылған еді. Енді бұл жоспар тағы бір жылға кешіктірледі.

«Шымкент мұнай өңдеу зауыты» – 1985 жылы Шымкент қаласында салынған және еліміздегі ең жаңа зауыт болып табылады. Зауыт Қазақстан өндірілетін мұнай өнімдерінің 30%-ын өндіреді. «ҚазМұнайГаз» мен қытайлық «CNPC» компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытының 50 пайыз акциясына ие.

Айта кетейік, 2023 жылдың шілдесінде Шымкент МӨЗ-інің жұмысы ішінара тоқтатылған.  Ол кезде жылу алмастырғыш қондырғылары тексеріліп, катализаторлар қалпына келтірілген.

Жылу алмастырғыштағы бұл ақау былтыр 15 наурыздан 8 сәуірге дейін зауытта жүргізілген жоспарлы жөндеу кезінде анықталған. Наурыз айында өндіруші Lanpec компаниясының өкілдері жылу алмастырғышқа жөндеу жүргізді. Алайда, зауыт іске қосылғаннан кейін осы қондырғыда өндірілетін бензин сапасы нашарлаған. Осыған байланысты маусым айында Шымкент мұнай өңдеу зауытында АИ-95 маркалы бензин шығару тоқтатылған еді. 

24 мамыр, 12:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.